ЖаңалықтарШоу бизнес

«Түк жараспайды екен»: Ақбота-Нұр жаңа бейнебаян шығарып, күлкіге қалды

Әнші Ақбота-Нұрдың «Биле былай» атты жаңа әніне түсірілген бейнебаяны әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп жазады qandastar.kz.

Көрермендердің бір бөлігі клиптегі стиль мен сахналық образдарды әнші Айгерім Қалаубаеваның бұрынғы жұмыстарына ұқсатты. Олардың пікірінше, бейнебаянда би қимылдары мен сыртқы образ жағынан белгілі бір ұқсастықтар байқалады.

Желі қолданушылары бұл туындыға қатысты сан алуан пікір қалдырған. Кейбірі әншінің келбеті мен би мәнерін сынға алса, енді бірі оны қолдап, табиғи сұлулығын ерекше атап өтті.

«Түк жараспайды екен. Аяғы слишком арық екен»,

«Биге икемі келмей жатыр, Айгерім биші ғой»,

«Өте әдемі, табиғи сымбаты бар»,

«Шаш үлгісі тым көлемді, стилисттер сәтті таңдай алмаған сияқты»,

«Би өзіне жарасады, билей берсін»,

«Бар әлем билеп жатқанда, оған неге болмайды?» деген жазбалар жиі кездесті.

Сонымен қатар кейбір қолданушылар Айгерім Қалаубаеваны үлгі ретінде атап, оның сахналық мәдениеті мен би шеберлігін жоғары бағалады.

«Айгерім Қалаубаева – киім таңдауы мен би өнерін үйлестіре білетін кәсіби биші. Оған еліктеу артық етпейді», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Back to top button