Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз жағынан жарақат алды

Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдердің бірінде жарақат алған сарбазға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Гвардейск гарнизонының Әскери полициясы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметшіге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сарбаз жақ сүйегінен жарақат алып, Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальға жатқызылды.

Оған барлық қажетті білікті медициналық көмек көрсетілуде, денсаулық жағдайы әскери дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

«Аталған факт бойынша материалдар Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жүргізілуде. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың, сондай-ақ жарғыға қайшы өзара қатынас фактісі туралы жоғары тұрған қолбасшылыққа дер кезінде баяндамаған және медициналық көмекті ұйымдастыруда кемшілік жіберген лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», — делінген мәлімдемеде.

Тергеу шаралары кезеңінде әскери бөлімнің бірқатар лауазымды тұлғалары қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілді.

Тергеу қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button