
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді», — делінген мәлімдемеде.
Жақсылық Омар 2018-2024 жылдары Өскемен қаласының әкімі болған.
2025 жылғы сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарып келеді.
Жақсылық Омар «Құрмет» орденімен де марапатталған.



