Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

ШҚО әкімінің бұрынғы орынбасары әрі Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омар алаяқтық және пара алу фактілері бойынша айыпталған болатын, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Сот материалдарына сәйкес, Жақсылық Омар бір адамды «Toyota Camry 75» автокөлігін алып беремін деп алдап, оның көлігін сатудан түскен 13 миллион теңгені иемденген.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте болған кезде қалалық әкімдік қызметкерінен жалпы қамқорлығы үшін 20 миллион теңге көлемінде пара талап еткен.

Тергеу барысында оның 6 миллион теңгесі үшінші тұлға арқылы берілгені анықталды.

Экс-шенеунікке сотта өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Сот оның әрекеттерін ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары санатына жатқызып, жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде антты бұзуды ескерді.

Нәтижесінде, ол кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button