Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Кәсіпкерден ірі көлемде ақша талап еткен қостанайлық 7,5 жылға сотталды

Қостанай облысында кәсіпкерді қорқытып, ірі көлемде ақша талап еткен тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы облыстық сот хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың ақпан айында айыпталушы жергілікті кәсіпорын аумағында жарамсыз және өлген құстардың шығарылғанына куә болған.

Ол аталған жағдайды ұялы телефонға түсіріп, бейнематериалды YouTube платформасында жариялаған.

«Осы жарияланымның негізінде өкілетті органдар тарапынан тексерістер жүргізіп, ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Содан кейін сотталушы ЖШС өкілімен әңгіме барысында ЖШС қызметі туралы осындай мазмұндағы бірқатар бейнежазбалар бар екенін ашық мәлімдеп, «Shacman» көлігін немесе 20 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты беруді талап еткен», – делінген сот мәліметінде.

Қысымға ұшыраған кәсіпкер кейін құқық қорғау органдарына жүгінген.

«Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында сотталушы ақшаны беру орны мен тәсілін көрсетіп, оны өз ауласының қоршауына лақтыруды ұсынған. Сол күні кәсіпкер сотталушының үйінің қоршауы арқылы 15 000 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат берген», – деп хабарлады сот.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындамаған.

Сот шешімімен күдікті кінәлі деп танылып, оған 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button