Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ақмола облысында ер адам экс-әйелінің көлігін ұрлауға қатысы бар деген күдікке ілінді

Ақмола облысында ер адам экс-әйелінің көлігін ұрлауға қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қылмыс туралы ақпарат Көкшетау полиция басқармасына түскен.

Белгісіз адам KiaSoul маркалы көлікті ұрлап кеткен.

Тәртіп сақшыларының анықтамасы бойынша, оқиғаға көлік иесінің бұрынғы жұбайының қатысы болуы мүмкін. Олардың арасындағы жанжал ұрлық қарсаңында болған.

Жүргізуші ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полицияға жеткізілді.

Автокөлікті ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button