
Ақмола облысының Бестөбе кентінде шахта аумағында қайғылы оқиға болды.
Шахтаға заңсыз түскен ер адам тамаққа қақалып, көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Полиция мәліметінше, оқиға фактісі тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған.
Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам тамаққа қақалып қалған. Қазір оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік желілерде тараған деректерге сүйенсек, марқұм Ақтөбе өңірінен келген болуы мүмкін.
Ол шахтаға заңсыз түскен деген болжам бар.
Оқиға кезінде ер адам танысымен бірге шай ішіп отырған. Сол сәтте нанға қақалып, дем ала алмай қалған.



