Әлеумет және қоғам

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина қызметінен босатылды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаның 11 ақпанда өз өтініші бойынша қызметінен босатылғанын хабарлады. ҰҚК мәліметі бойынша, оның үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Әкім заңға сәйкес тергеуге араласуға құқығы жоқ екенін атап өтті және барлық мән-жай объективті қаралатынын мәлімдеді.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты пікір білдірді.

Әкімнің айтуынша, Гүлбарам Мұсағазина 2026 жылғы 11 ақпанда өз өтініші бойынша қызметінен босатылған.

«Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Заңға сәйкес, мемлекеттік органдар тергеуге араласуға немесе баға беруге құқығы жоқ. Барлық мән-жай объективті және жан-жақты қаралады», – деді Құмар Ақсақалов.

Еске салсақ, ҰҚК баспасөз қызметі Гүлбарам Мұсағазинаның ұсталғанын растаған. Қазіргі уақытта оның үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

АҚПАРАТ ТОБЛИНФО САЙТЫНАН АЛЫНҒАН

Ұқсас Мақалалар

Back to top button