Ақтөбе облысында құқық қорғау жүйесін дүр сілкіндірген оқиға тіркелді.
Облыстық прокуратура қызметкері сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ресми дерекке сәйкес, күдіктіні 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура құрылымдарының бірлескен арнайы операциясы барысында ұстаған.
Операция Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкеріне қатысты жүргізілген.
Әлеуметтік желілерде тараған бейресми ақпаратқа сәйкес, прокурор ірі көлемде пара алған деген күдікке ілінген.
Ол облыс аудандарының бірінде қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға уәде берген болуы мүмкін.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтауға кірісті.



