
Осы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ахуалға қатысты облыстық жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы түсініктеме берген еді. Әлібек Тәшімов, облыстық жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы: — Қазіргі уақытта бұл аталған екі ауылда жағдай қиын. Подстепное ауылында тасқын суды өткізу мақсатында 4 көшенің жолы бұзылды. Суды бұру мақсатында көшелерде арықтар қазылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды қапшықтармен қоршау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығару жұмыстары атқарылуда.