Әлем жаңалықтары

JAC S3 Pro қаңтарда қытай көліктері арасында көш бастады

Қазақстанда 2026 жылдың қаңтарында JAC S3 Pro ең көп сатылған қытай кроссовері атанды. JAC Motors Qazaqstan бір айда 683 автокөлік сатып, нарықтағы позициясын нығайтты.

Фото: JAC Motors Qazaqstan

Қазақстанның автокөлік нарығы 2026 жылды өсіммен бастады. АКАБ мәліметінше, JAC S3 Pro кроссовері қаңтар айында сатылым көлемі бойынша қытай брендтері арасында көш бастады. Бір айда 442 көлік сатылып, модель компакт-кроссовер сегментіндегі жоғары сұранысты тағы растады. Бұл туралы qandastar.kz сайты stan.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.

Ай қорытындысы бойынша JAC Motors Qazaqstan тұрақты өсім көрсетті. 2026 жылдың қаңтарында елде 683 JAC автокөлігі сатылып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға көп болды. Нәтижесінде бренд қытай маркалары арасында үшінші орынға, ал жалпы нарықта алтыншы орынға ие болды.

“Қаңтар айының нәтижелері JAC автокөліктеріне деген тұрақты қызығушылықты көрсетеді. Біз S3 Pro моделіне сұраныстың сенімді өсімін байқап отырмыз және қазақстандық тұтынушылар үшін модельдік қатарды кеңейту мен сервистің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз”, – деп атап өтті JAC Motors Qazaqstan дистрибуция өкілі.

Сарапшылар мұндай көрсеткіштерді тұтынушылар сенімімен, жергілікті өндірістің артықшылықтарымен және модельдердің Қазақстанның жол-климаттық жағдайына бейімделуімен байланыстырады. 2025 жылдың қорытындысында елде 10 330 JAC автокөлігі сатылса, JAC S3 Pro 5 310 данамен ең танымал он модельдің қатарына енген.

Фото: JAC Motors Qazaqstan

JAC Motors – 60 жылдық тарихы бар қытайлық автоконцерн, жылына 1 млн-нан астам көлік өндіре алады. Компания Қытай, Италия және Жапониядағы зерттеу орталықтарына сүйеніп, өнімдерін 120 елге экспорттайды. Қазақстанда бренд 2015 жылдан бері Allur құрамында ұсынылып келеді. Allur зауыты – елімізде көліктің барлық түрін толық циклмен шығаратын бірегей кәсіпорын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button