ЖаңалықтарМәдениет

Танымал кәсіпкер белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаевқа көлік мінгізді

Белгілі кәсіпкер, тележүргізуші Динара Сәтжанның жұбайы Жұмабек Жанықұлов Қазақстан ҰҒА академигі, математик Асқар Жұмаділдаевқа көлік тарту етті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Еліміздің мәні де, сәні де дана ұстаздарымызға байланысты деп білемін. Өйткені ұстаз тек білім беруші емес, ол ұлттың болашағын қалыптастырушы тұлға.

Ұстаздың абыройы мен беделі оның шәкірттерінің адамзатқа, қоғамға қаншалықты пайдалы азамат болып қалыптасуымен өлшенеді. Шәкірті елге қызмет етсе ұстаз еңбегінің ақталғаны. Шәкірті биікке көтерілсе  ұстаз мәртебесінің асқақтағаны.

Асқар ағамыздың әлі күнге дейін «Отанымызға қалай пайдалы бола аламын?» деген ізгі ниетпен қызмет етіп жүруі нағыз ұстаздықтың, нағыз азаматтықтың үлгісі. Бұл сөзбен емес, іспен дәлелденген парасат жолы.

Жеке өзім үшін Асқар ағаның шәкірті болу  үлкен абырой әрі жауапкершілік. Ұстаз сенімін ақтау  шәкірттің ең үлкен парызы», — деп жазды кәсіпкер.

Желі қолданушылары кәсіпкердің бұл әрекетін жоғары бағалап жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button