
Белгілі блогер Сабина Мовлаева Алматыда жол жиегінде жұмыс істеп жатқан мамандарға ақша таратып, желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видеоны бөлісті.
Рамазан айының құрметіне осындай игі іс жасаған блогердің әрекеті желіде қолдау тапты.
«Алла разы болсын Айттым ғой Сабикош өте жүрегі жұмсақ ,мейірімді жан Алла берекесін берсін Сауабы еселенетін айда табысына Аллам еселеп береке берсін», «Маған тимеседе өсы адамдарға рамадан айына Алланың берген нәсібесі таусылмасын», «Алла разы болсын, осындай жұмыс жасайтын аға-әпкелеріміз» және «Ниет қабыл болсын» деп жазып жатыр олар.



