Жаңалықтар
ЕСІЛ ӨЗЕНІ КӨТЕРІЛДі
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені көтеріле бастады.
Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Тоқсан Би ауылының маңында судың деңгейі 3 метрге жеткен. «Бұл мұздың көбесін сөгіп, сеңнің жүруіне ықпал етеді», – дейді мамандар.
Синоптиктердің болжамы бойынша, бір аптадан кейін өзен арнасы Сергеев су қоймасын толтырып, бөгет үстімен аға бастайды. Қазір облыс бойынша 19 гидробекет жұмыс істейді. Мамандар судың деңгейі мен жылдамдығын күніне бірнеше рет өлшейді.
Айта кетейік, өңірде ертеңнен бастап күн күрт жылынып, сынап бағанасы 15 градусқа дейін көтеріледі. Қымбат Мерғалымова, «Қазгидромет» МКК СҚОФ директоры: – Сергеев қоймасындағы судың бөгеттен асып төгілуіне 69 сантиметр қалды. Бұл көктемгі тасқынның белсенді кезеңі басталды деген сөз. Қазір Есіл өзенінің бойындағы 30 елді мекенге қауіп төніп тұр.