Жаңалықтар
ЕЛІМІЗДЕГІ 17 ЖОЛДА КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ
![](https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2024/04/IMG_5039-780x405.jpeg)
Бірнеше облыста халықаралық және республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын су басты,
Ақмола, Атырау, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалпы ұзындығы 4 шақырымға жуықтайтын 10 жол учаскесі су астында қалды. Сондай-ақ аталған аймақтармен қатар Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары аумағымен өтетін республикалық маңызы бар 17 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Қазіргі таңда жолдарда 297 техника мен 385 адам жұмыс істеп жатыр.