Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстанда ауа сапасы нашарлаған: бірнеше қалада ластану өте жоғары деңгейге жетті

“Қазгидромет” мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айында 68 елді мекенде ауа сапасына мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 4 қалада ластану өте жоғары деңгейде тіркелсе, бірқатар өңірлерде көрсеткіш жоғары және жоғарылаған деңгейде анықталған. Бір ай ішінде ауа ластануының жоғары деңгейі 32 рет байқалған.

Қазгидромет” РМК 2026 жылдың наурыз айына арналған ауа сапасы мониторингінің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Qandastar.kz. Зерттеу барысында Қазақстан бойынша 68 елді мекендегі атмосфералық ауаның жағдайы бағаланған.

Ауа ластануы төрт деңгей бойынша сараланды: төмен, жоғарылаған, жоғары және өте жоғары. Нәтижесінде 39 елді мекенде ластану деңгейі төмен деп танылса, 16 елді мекенде – жоғарылаған, 9-ында – жоғары, ал 4 елді мекенде өте жоғары деңгей тіркелген.

Өте жоғары ластану Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев және Абай қалаларында байқалған. Ал жоғары деңгей Атырау, Өскемен, Риддер, Теміртау, Павлодар, Түркістан, Талғар қалаларында, сондай-ақ Шұбаршы мен Қызылсай кенттерінде тіркелді.

Жоғарылаған деңгейдегі елді мекендер қатарына Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Семей, Талдықорған, Петропавл, Тараз және тағы басқа бірқатар қалалар кірді.

Ал Көкшетау, Орал, Қостанай, Қызылорда және басқа да бірнеше елді мекенде ауа сапасы төмен деңгейде бағаланған.

Жалпы алғанда, бір ай ішінде жоғары деңгейдегі ластану 32 рет тіркелген. Оның басым бөлігі Қарағандыда – 19 жағдай, Атырауда – 10 және Жезқазғанда – 3 жағдай болған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button