
«Зардап шеккендерді эвакуациялау және орналастыруға қатысты барлық мәселе шұғыл шешіліп жатыр. Азаматтарға дер кезінде медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Құтқарушылар босанған әйелдерді құтқарған да жағдайлар болды. Олардың барлығы ауруханаларға аман-есен жеткізілді. Иелері тастап кеткен үй жануарларын да суда қалдырмай, қауіпсіз жерге көшірудеміз», — деді Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов.
Сондай-ақ, ол жекелеген азаматтар үйлерін тастап кеткісі келмегенін де атап өтті.