
Астанада құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға Қорғалжын тас жолы бойында, мектеп маңындағы құрылыс алаңында болған. Кранның құлауы салдарынан үш адам зардап шеккен.
Олардың екеуі жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақат алғандардың бірінің жағдайы ауыр.
Өкінішке қарай, тағы бір адам оқиға орнында көз жұмды.
Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.



