Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Orda.kz 1 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатады

Қазақстандық Orda.kz ақпараттық порталы оқырмандарына күтпеген жаңалық жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Редакция 1 қыркүйектен бастап жұмысын толық тоқтататынын мәлімдеді.

Сайтпен бірге редакцияның әлеуметтік желідегі парақшалары мен YouTube арнасы да жұмысын тоқтатады.

Редакцияның хабарлауынша, мұндай шешімді Ordamedia.kz компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Мақсат Ғаниев қабылдаған.

Жабылудың негізгі себебі де айтылды. Редакцияның қазіргі табысы оның тұрақты жұмысын жалғастыруға жеткіліксіз болған.

«Бұл шешімнің астарында ешқандай жасырын жоспар жоқ», – деп түсіндірді Orda.kz.

Редакция сонымен қатар барлық міндеттемелерін орындау үшін жұмысты соңына дейін жалғастыратынын атап өтті. БАҚ өкілдерінен ақпарат алу кезінде тек редакцияның ресми мәлімдемесіне сүйенуді сұрады.

Orda.kz 31 тамыздың соңына дейін материал жариялайды. Ал 1 қыркүйектен бастап сайтта жаңа жарияланымдар шықпайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button