Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Ақорда порталына сілтеп хабарлады.
Кездесу барысында Президент министрліктің қызметіндегі басым бағыттарды айқындап, ведомство алдына бірқатар нақты міндет қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамытудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтау және оны кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеуге де ерекше мән берілді.
Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселесі де назардан тыс қалмады. Президент отандық ақпарат кеңістігін жандандырып, заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіру қажет екенін айтты.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын жалғастыруды және жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасауды тапсырды.



