Жаңалықтар

БҚО-да ауызсу сапасы тексеріліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында 14 ауылдағы су ұңғымасы қарғын судың астында қалған еді. Оның 9-ы – жерасты ұңғымасы. Қазір бұл ауылдарда ауызсу сапасы тексеріліп жатыр.

Су тарату нысандарын зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы соңғы бір айда сумен жабдықтау жүйесінен микробиологиялық зерттеуге алынған 749 сынаманың 33-і тиісті талапқа сай болмай шықты. Санитарлық-химиялық зерттеуге алынған 700 ден астам сынаманың 41-інен сәйкессіздік анықталды. Яғни, ауызсу лай және ащы болған.

Жұқпалы аурулар тарамас үшін су сапасы қатаң бақылауда болады, – дейді мамандар. Мұқамғали Арыспаев, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы: – Барлығын қайтадан жуып, дезинфекциялап, тазалап, сосын кейін барып тағы екі мәрте судың сынамасын зерттеп, егер зерттегесін нәтижесі жақсы болса ғана рұқсат етеміз суды пайдалануға. Мысалы, Казталов ауданы орталығын. Казталов ауылы – суға кеткен ауыл.

Ауызсуды тоқтаттық. Оған тасымалдап әкеліп жатыр. Қасында Әжібай деген ауыл бар. Онда да суға кеткен. Бүгін сол екі елді мекенде дезинфекция жүріп жатыр.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close