
Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөз өтті.
Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 14-тен 48-ге дейін, сондай-ақ әрбір тарап үшін рұқсат етілген тармақтарды 2-ден 3-ке дейін ұлғайтуға уағдаласты.