Жаңалықтар
Алматыда блогер Жапония мен Кореяға виза алып беремін деп жұртты алдаған
Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы өз блогында Жапония мен Кореяда ақша табудың жолдары туралы айтып, қажетті құжаттарды рәсімдеп беруге уәде берген. Ол өз қызметі үшін адамдардан 500 мыңға дейін ақы алған.
«22 жастағы күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның үстінен 15 адам полицияға арыз түсірген. Алданған адамдар бұдан да көп болуы мүмкін», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.