Жаңалықтар
Бюджеттен 1,1 миллиард теңге жымқырған қашқын кәсіпкер Жексенғалиев 6 жыл 8 айға сотталды
Ұрланған қаражатты заңды айналымға түсірген Әнуарбек Жексенғалиевтың мүлкі де тәркіленді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, қылмыстық жолмен келген табыс көлемі көлемі 4,3 миллиард теңге. Кәсіпкер мемлекеттік бюджеттен 1,1 миллиард теңге жымқырып, оны бақылауындағы жалған кәсіпорындардың шоттарына аударған. Сондай-ақ қаражатты алып, шетел валютасына айырбастау бойынша қаржылық операцияларды жүзеге асырған.
Жексенғалиевтен мемлекетке тәркіленген мүлік сомасы 4,7 миллиард теңге болды.