
Жарна көлемі қазіргі уақытта 4250 теңге. Төлемді банк қосымшалары мен арнайы терминалдар немесе Қазпошта арқылы жасауға болады. Айта кетейік, кәмелет жасына толғандардың барлығына мемлекет есебінен төлем жүргізілмейді. Тек техникум мен жоғары оқу орындарында оқитын студенттер үшін жарнаны мемлекет төлейді.
Ал ресми түрде жұмыспен қамтылған қызметкерлерге медициналық сақтандыру қорына жұмыс беруші аударады.