
Жыл басынан бері елде тұрмыстық техника өндірісі 3,8 есеге өсті. Атап айтқанда, Алматы қаласында Xiaomi теледидарларын құрастырып шығару зауыты іске қосылды.
Түркістанда коммерциялық тоңазытқыштарды құрастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics, Қытайдың HKC компанияларымен келіссөздер жүріп жатыр. Болашақта Машина жасау саласының өндірісін 2 есеге арттыру көзделген. Бұл жайында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында баяндады.