Жаңалықтар

Қазақстандықтар лайықты өмір сүру үшін қанша табыс табуы керек – министр жауабы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтар жайлы әрі лайықты өмір сүруі үшін сапалы жұмыс істеуі керектігін айтты.

«Лайықты өмір сүру дегенде біз еңбек нарығы тұжырымдамасының бекітілгенін және Қазақстан жаңа сапалы жұмыс орындарын құру жолында екенін айтып отырмыз. Елімізде бар болғаны 2 млн 100 сапалы жұмыс орны бар, енді көрсеткішті кем дегенде 3 миллион 800-ге жеткізгелі отырмыз. Жалақы ең төменгі деңгейден кем болмауы керек. Әлеуметтік кепілдіктер болған кезде, тұрақты жұмыс болса, жалақы орташа көрсеткіштен төмен емес, керісінше одан жоғары болуы мүмкін және міндетті түрде еңбек қауіпсіздігі сақталған жағдайда ол жұмыс сапалы деп саналады. Жұмыс берушілер осы 4 критерийді назарға алуы тиіс. Мемлекеттік инспектор жұмысты тікелей осы критерийлер бойынша бағалауды қамтамасыз етуі керек», – деп жауап берді Светлана Жақыпова елордада өткен «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік» атты халықаралық конференция барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері министрден «Жайлы өмір сүру үшін табыс ең төменгі жалақыдан жоғары болуы керек пе?» деп нақтылады.

«Міндетті түрде, ең төменгі жалақы – төмен білікті еңбек үшін еңбекақы төлеуді көздейтін ең төменгі жалақы стандарты. Бұл дегеніміз адамның құзыреті, дағдылары мен білімі жоқ», – дейді ол.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close