Жаңалықтар
Жемқорлық пен суицидтің белең алуы, ертеңіне сенімсіздік: Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты
1928-1932 жылдардағы ашаршылық қазақ халқына орны толмас зардаптар әкелді. Ресми деректер бойынша 2,4 миллион адам аштықтан көз жұмды, 40 миллион мал қырылды және 1 миллион 70 мың адам Иран, Ауғанстан, және т.б. жерге көшіп кетті. Адам шығыны мен мал шығынынан бөлек бұл зұлматтың психологиялық зардаптары әлі күнге дейін жалғасып жатыр.
Сарапшылар елдегі жемқорлық пен суицид деңгейінің жоғары болуы, билікке деген сенімсіздікті де осы ашаршылықтан қалған травма деп түсіндірді.