
Гүлнар Нұрланова Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының қызметі мен жетістіктері және жүзеге асырылып жатқан жобалары туралы мәлімет берді. Сондай-ақ Орталық еліміздегі туа біткен жүрек аурулары бар науқастарды бақылаудың толық циклі жүргізілетін жалғыз мекеме екенін жеткізді. Мұнда жыл сайын 200 кардиохирургиялық ота жасалады. Перзентханада дүниеге келетін нәрестелер саны 9000-ға, оның ішінде мерзімінен бұрын туғандар шамамен 3700-ге жетеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гүлнар Нұрлановаға және барлық дәрігерлердің игілікті жұмысына табыс тіледі.