Жаңалықтар
Жасанды интеллект арқылы антибиотик өндірілмек
Америкалық ғалымдар жасанды интеллектінің көмегімен жер бетіндегі барлық микроб түрлерін зерттейтін жаңа алгоритмді қолданып көрді,-деп хабарлайды Qandastar.kz
. «Бұл антибиотикке төзімділікті анықтау процесін жеделдетеді.
Сондай-ақ түрлі бактерияларға қарсы жаңа дәрілік препараттарды жасап шығаруға мүмкіндік береді», – дейді сарапшылар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, осыдан 5 жыл бұрын бактерияға қарсы антибиотиктердің ағзаға әсер етпеуі салдарынан миллионнан астам адам көз жұмған.