Жаңалықтар
Бас прокуратура Кәрім Көкірекбаевқа қатысты сот үкіміне шағымданбақ
Бас прокуратура Кәрім Көкірекбаевқа қатысты Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған үкімге шағымданбақ,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Бұл жайында құзырлы орган ресми мәлімдеді. Күні кеше «Қазселденқорғау» мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевқа қатысты сот үкімі шықты.
Оған бір топ адамдардан, аса ірі көлемде бірнеше рет пара алды деген айып тағылған болатын. Бірақ, алқа билер қатысқан сот оны кінәсіз деп таныды. Бұл шешіммен Бас прокуратура келіспейді. Олар үкімге аппелициялық шағым түсіретінін хабарлады.