Жаңалықтар

«Премьер-министр болған кезде неге бұл мәселемен айналыспадыңыз»: Смайылов депутаттың ҚТЖ-ға қатысты сынына жауап берді

Бүгін мәжіліс отырысында Әлихан Смайылов ҚТЖ банкрот болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Осыған байланысты депутат Ерлан Саиров экс-премьерден бұл мәселені неге ертерек шешпегенін сұрады,-деп хабарлайды Qandastar.kz

«ЖАП төрағасына қояр сұрағым: құрметті Әлихан Асханұлы, сіз «ҚТЖ» АҚ-ның («Қазақстан темір жолы» – ред. ескертпесі) қаржылық жағдайы өте нашар дедіңіз. Шынымды айтсам, негізі оның жағдайы сіз премьер-министр болған кезде нашарлап кеткен болатын. Сол кезде неге бұл мәселені қарастырмадыңыз деп сұрағым келеді», – деді депутат Саиров Смайыловқа жолдаған сауалында. Экс-премьер министр депутатқа берген жауабында бұған дейін ҚТЖ-ға қатысты бұл мәселелер көтерілгенін айтты. «Бір кездері біз бұл мәселелерді бірнеше рет көтеріп, салалық министрліктерге де жүгінген едік. Сондай-ақ тіпті ҚТЖ компанияларына тапсырмалар беріп, жұмыс жүргізілуін талап еттік, бірақ қабылданып жатқан шаралар жеткіліксіз әрі тиімсіз, сондықтан біз бұл мәселені қайтадан көтеруге мәжбүрміз», – деді Жоғарғы аудиторлық палатаның басшысы.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close