Жаңалықтар
Елімізге шетелден келетін туристер саны артып келеді
5 жыл бұрынғымен салыстырғанда тұмса табиғат аясындағы саяхатты таңдайтындар саны ұлғайған. Мәселен 2019 жылы елдегі 14 ұлттық паркке 698 мың адам барса, 2020 жылы олардың саны 898 мыңға жеткен,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Араға бір жыл салып келішулер саны 2 млн-ға толды. Былтыр 2 млн 400 мыңнан астам турист барған. Ал енді шетелден келген меймандардың санына үңілсек. Пандемияға дейін Қазақстанға 8,5 млн турист келген. 2022 жылы 4 млн 700 мың адам елді араласа, 2023 жылы келуші саны пандемияға дейінгі көрсеткіштен асып түсті.
Биыл 10 млн-нан астам шетелдік мейман келеді деген болжам бар. Елішілік туризмнің статистикасы да жақсарған. 2019 жылы 6 млн 700 мың қазақстандық ел ішін араласа, былтыр олардың саны 9 млн 600 мыңнан асып жығылды. Болжам бойынша жыл соңына дейін 10,5 млн-ға жетуі мүмкін. Жалпы Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат және туризм рейтингісінде былтыр Қазақстан 52-орынға шығыпты. 2021 жылғымен салыстырғанда еліміз 66-орыннан 14 позицияға көтерілген.