Жаңалықтар
«Ол мені ашуландырып, өзін ұрып-соғуға мәжбүрледі»
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соғу ісі бойынша Нұрболат Дәкебаевқа қатысты ашық сот процесі өтті,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Бұзақылық жасағаны үшін сотталушы келесі түрдегі жазаға тартылады:
- екі мың АЕК-ке дейін айыппұл (7,4 млн теңгеге жуық);
- 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар;
- шектеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Сондай-ақ оған бірден екі бап «Бұзақылық», «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бойынша айып тағылады.
Сотталушы Нұрболат Дәкебаев жәбірленушінің желідегі бейнежазбасын іс материалдарына қосуды сұрады. Оның айтуынша, желідегі видеолар жәбірленушінің спортпен айналысатынын көрсетеді.
Қорғаушысының сөзінше, істің мән-жайында жәбірленушінің тыныс алуы қиындау фактісі бар. Ал қолда бар видео дәлелдер оны керісінше көрсетеді. Келтірілген жарақаттар жәбірленушінің денсаулығына айтарлықтай зиян келтірмеген.
Алайда судья жәбірленушінің бұл өтінішін қанағаттандырмады.