Жаңалықтар

Су тасқыны болған өңірлерден мыңға жуық бала «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында демалды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

 

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық бала «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалды,– деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, орталықта келесі аптада жаңа маусым басталады. Биыл жазда бұл орталық 6000-нан астам баланы қабылдайды.

Республикалық оқу-сауықтыру орталығы жазғы кезеңде әрқайсысы 15 күннен тұратын бес ауысым өткізеді. Әрбір ауысым рухани-адамгершілік, патриоттық тәрби беру, балалардың физикалық дамуы секілді түрлі бағыттарды қамтиды.

– Биыл жыл басынан орталықта 5800 бала демалды, олардың 842-сі зардап шеккен аймақтардан келген балалар. Келесі аптада жаңа маусымға Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан тағы 17 бала келеді деп күтілуде. Жаздың соңына дейін су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық баланы демалыспен қамту жоспарланып отыр, – делінген республикалық оқу-сауықтыру орталығының мәліметінде.

Айта кетейік, су тасқыны басталғалы бері түрлі еліміздегі республикалық сауықтыру орталықтарында 1083 бала демалды. Жазғы кезеңде демалыспен тағы 3,7 мыңға жуық бала қамтылады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close