Жаңалықтар

Алматыда аттракционнан секірген әйел қайтыс болғанға дейін қызын тұншықтырып өлтірді

Фото:2gis.kz

 

Алматыдағы Орталық демалыс саябағында аттракционнан секірген әйел өз-өзіне қол жұмсамас бұрын қызын үйде тұншықтырып өлтірген. Алматы облысының полиция департаменті қыздың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

«Кәмелетке толмағанның қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады ведомствода.

Сондай-ақ, қайтыс болған ананың Алматы облысының Іле ауданында тұрғаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі, 24 маусымда Алматыда әйел аттракционнан құлады деген ақпарат жарияланды. Оқиға туралы әлеуметтік желілерде куәгерлер айтып, оқиға орнынан бейнежазбалар жіберді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен адам жедел медициналық көмек келгенге дейін қайтыс болғанын хабарлады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close