Білім

Мектептерде ақша жинау қайта басталды ма – вице-министр жауабы

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM  Мәжіліс депутаты Ринат Заитов Мәжілістің жалпы отырысында мектептерде ата-аналар мен мұғалімдерден ақша жинап жатқаны туралы шағым көбейіп кеткенін айтты.

«Бізге Оқу-ағарту министрлігіне қатысты Қазақстанның бәленбай мектебінде ата-аналардан, мұғалімдерден ақша жинап жатқаны туралы фактілер айтылып, бірнеше шағым түсті. Мұндай ақша жинау қай қаулыға, қай заңға негізделген?» – деп сұрады депутат.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан депутат берген нақты фактілер құқық қорғау органдарына жолданғанын айтты.

«Ешқандай заңда, ешқандай қаулыда мектептерде ақша жинау мәселесі қарастырылмаған. Бұл – заңсыздық. Сіздің бұдан бұрын көтерген мәселелеріңіз бойынша әр фактіні жұмыс тәртібінде сізден алдық, тиісті заң орындарына жолдаймыз. Өз тарапымыздан да осындай жайттар мәлім болса, бірден құзыретті органдарға жолдап отырамыз», – деді Еділ Оспан.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close