Жаңалықтар

«Бала туып, үйде отырмай ма»: MMA-мен айналысатын қазақ қызы сыни пікірлерді жиі еститінін айтты

Қазақстандық спортшы Алтынай Мергенбай аралас жекпе-жекке қалай келгені, жоспары және жұрттың сыны туралы айтты,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Алтынай, аралас жекпе-жекке деген қызығушылығыңыз қалай басталды?

Джиу-джитсу және ММА-мен кәсіби түрде айналысуға деген ұмтылыс қашан пайда болды?

Бұл шешімге күйеуіңіз әсер етті ме? – Жекпе-жекке деген қызығушылығым кішкентай кезімнен басталған. Әкем кішкентайымнан уйде спортпен айналастырған.

Спортты кәсіби түрде 14 жасымда бастадым. Кикбоксинг спортына барып, бұл спорта өмірімнің үш жылын арнадым. Екі дүркін Қазақстан чемпионы атанып, 2019 жылы джиу-джитсу және ММА-мен айналыса бастадым. Дәл сол жылы осы спортқа келіп, куйеуімді жолықтырдым. Жарымның қолдауымен біраз жетістікке жеттік. – Әйелдерге төбелесуге орын жоқ, ММА

– бұл еркектердің спорты» деген пікірді естідіңіз бе?

– Әрине, көп естимін. «Бұл қыздардың спорты емес, төбелеспей үйде бала туып отырмайды ма» дейді көп пікірлер. Мен бұл пікірге қарсымын.

– Алдағы мақсаттарыңыз бен жоспарларыңыз қандай?

– Мақсатым алдағы уақытта джиу-джитсудан әлем чемпионаты мені күтіп тұр. Осы жарыста бар күш жүгерімді салып, әлемдік аренада ән ұранымызды шырқатқым келеді. Бұдан бөлек, Alash Pride-тың белбеуін жеңгім келеді.

Шетелдік промоушындардан да ұсыныстар түсіп жатыр, Қазақстаннан тыс аймақтарда өзімді көрсету ойда бар.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close