ҚР азаматтығын алу

Оралман мәртебесі ұзартылады!

Елбасы 2018 жылдың 16 сәуірінде  Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң 28 сәуірде ресми ақпарат құралдарында жарияланып, қолданысқа енгізлді.

Аталған заңға сәйкес, 21-баптың  2-тармағында «Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін береді немесе ұзартады.» — деп көрсетілген. Яғни, оралман куәлігін алып, бір жылдың ішінде жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа құжаттарын өткізе алмаған оралмандар, куәліктің қолданыс мерзімі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде ұзартуға өтініш бере алады. Бұл мүмкіндік қандастарымыз үшін үлкен қуаныш!

Яғни, Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Алматы қаласында тұрақты тіркеуде тұратын этникалық қазақтар оралман куәлігін алып, бір жылдың ішінде жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа құжаттарын өткізе алмаған оралмандар, куәліктің қолданыс мерзімі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде ұзартуға бір рет өтініш білдіре алады

Айта кететін бір жайт, оралман куәлігін алып, 6 айдан асып кеткен азаматтыққа тапсыра алмаған қандастарымыз өкінішке орай осы заңнын өзгерісіне ілінбеді.

Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар тұратын жеріне келгенен кейін, олар Қазақстан Республикасының Үкіметінің айқындаған өңірді таңдаған жағдайда оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға тиісті құжаттарын жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік корпорация арқылы өтініш бере алады.

Алматы қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155 ғимарат мекен-жайында орналасқан.

 

Дереккөз
http://www.ugitm.gov.kz/kz/a/news/oralman-martebesi-uzartiladi

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close