Жаңалықтар

Тоқаев: Әділетті Қазақстанды кемеңгер көсемдер емес, қарапайым еңбеккерлер құрады

Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін марапаттауға арналған жиында сөйлеген сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда заң мен тәртіпті орнықтыру үдерісінде атқаратын рөлі айрықша екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Әділетті Қазақстанды кемеңгер көсемдер, аңыздағы қаһармандар емес, қарапайым еңбеккерлер мен адал азаматтар құрады. Осындай адамдарды жан-жақты насихаттау қажет. Заманымыздың нағыз батырлары және ұлтымыздың сенімді тірегі – осындай адамдар. Мемлекеттің қуаты – халықта, ал халықтың қуаты жасампаз күш-жігерде және отаншылдықта.

Сондықтан еліміздегі барлық ауқымды өзгерістер адамға, оның қарым-қабілетін толық ашуға бағытталған. Біз үшін реформалардың өзі ғана емес, түпкі мәні маңызды. Біздің реформаларымыз қызыл сөзге емес, нақты іске негізделген.

Басты мақсат – азаматтарымыздың болашаққа деген сенімін нығайтып, әл-ауқатын арттыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда Заң мен тәртіпті орнықтыру үдерісінде атқаратын рөлі айрықша. Бұл – елімізде жүргізіліп жатқан жаңғыруларға негіз болатын қағидаттардың бірі», — деді Президент.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close