Жаңалықтар

«Айтқанымнан шықпауың керек деді»: Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша куәгер сөз алды

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесінде жәбірленуші Абай Жүнісовке 12 жыл жүргізуші болып істеген куә Ернар Мұрат жауап берді,-деп хабарлайды Qandastar.kz

2019 жылдың 13 ақпанында куәгер Ернар Мұрат іссапарда болған. Ал оралған кезде жәбірленуші Абай Жүнісовтің үйіне барған. Бұл кезде ол үйқамақта болған. «Үйде азаматтық және спорттық киім киген бейтаныс адамдар болды. Мені Батыршаев қарсы алды да (Мәди – сотталушы – ред. ескертпесі), «айтқанымнан шықпайтын бол» деп бұйырды және енді Гүлмира Сатыбалды екеуі менің директорым болатынын айтты. Адамдарды Батыршаевтың рұқсатымен үйге кіргізіп, шығаруға рұқсат ететін. Бірақ мен Абай Жүнісовтің жұбайы Раяның да ісіне араласып жүргендіктен, мен оған хабарластым. Бірақ ол қажет кезде хабарласатынын айтып, бұл үйге келме деді», – деп хабарлады куәгер.

Еске сала кетейік, жәбірленуші Абай Жүнісовтің әйелі сотталушы Гүлмира Сатыбалдының туысы. Сондай-ақ куәгердің айтуынша, сотталушы онымен байланысқа шыққан.

«Маған Гүлмира Сатыбалды хабарласып, Астанаға «Қазградстрой» компаниясына бару керектігімді қоқан-лоқы көрсете бұйыра айтты. Ал содан кейін хатшы хабарласып, маған билет алғандарын айтты. Сөйтіп, 18-і күні Астанаға ұштым, ол жақта мені жүргізуші қарсы алып, кеңсеге апарды.

Компанияның 60 пайыз акциясы менің атыма тіркелді. Мұның 30 пайызы – Абай Жүнісовтікі және 30 пайызы Гүлмира Сатыбалдыға тиесілі. Оларды маған осыған дейін Абай Жүнісовтің өтініші бойынша жазды. Ол менің сенімді адам екенімді айтып, акцияларды маған беруді өтінді. 18-і күні Гүлмира Сатыбалды отырған кеңсеге келдім. Ол маған дөрекі дауыспен ақшаны бастығым ұрлап кеткенін, сондықтан мен акцияның 60 пайызын өзі атаған адамға жазып беруім керектігін айта бастады. «Абай Жүнісов бұл туралы біле ме?» деген сұраққа Гүлмира Сатыбалды «Абай енді ешкім емес, бәрі менің бұйрығыммен болады» деп жауап берді. Жақында Абай түрмеге түседі, егер бұйырғанымды орындамасаң, артынан барасың деп қорқытты», – деді куәгер.

Осыдан соң нотариус пен Қасымбаев келіп, оған куәгер өз үлесін аударып, қол қояды. Алайда орнына ештеңе алмайды. Куәгерден құқық қорғау органдарына не болып жатқанын хабарлауға тырыстыңыз ба деп сұралды. «Бұл туралы Абайдан сұрап едім, ол бірінші күні-ақ өзінің, отбасының, бала-шағасының амандығы үшін ешқайда хабарласпауымды өтінді. Менің де Гүлмира Сатыбалдыны танитыныма көп болған, одан өзім де қорқатынмын. Өйткені оның Қайрат Сатыбалданың әйелі және Назарбаевтың келіні екенін білетінмін, сондықтан құқық қорғау органдарына хабарласудың пайдасы жоқ екенін түсіндім», – деп түсіндірді куәгер. Бұдан кейін сотталушылар сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Гүлмира Сатыбалды куәгерге компаниядағы 30 пайыздық үлесін беруді сұраған және оған жазып берген кезді есіне түсіруін сұрады. Айыпталушы өзінің куәгермен жай ғана амандасқаны болмаса, оған ешқашан мұндай өтініш айтапғанын атап өтті. «Есіңізге түсіріңіз. Бұл маңызды. Мұнда менің тағдырым шешілуде. Маған 194-бап (ҚР Қылмыстық кодексінің – ред. ескерт.) бойынша айып тағылып отыр – бұл дегеніміз мүлікті тәркілеумен жеті жылдан 13 жылға дейін бас бостандығымнан айырылу. Ал сіз болсаңыз менің сұрақ қойып жатқаныма наразылық білдіресіз бе? Сіз айтқанда мен сабырмен тыңдап, өзіңіз қалағандай айтуыңызға рұқсат еттім, құрметтілер. Сіздер мені ерекше ауыр айыптап отырсыздар», – деді Гүлмира Сатыбалды. Сұрақтарға жауап бере отырып, куәгер ешкімнің үлесіне жеке талап қоймайтынын түсіндірді. Тек 30 пайыздық үлестің Абай Жүнісовке қайтарылуын қалайтынын айтты. Ал Гүлмира Сатыбалдыға жеке арыз-талабы жоқ екенін де айтуды ұмытпады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close