Жаңалықтар

«Рас па, жаным?»: Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаева қуанышты жаңалығын бөлісті

Актер Нұрлан Әлімжан мен әнші Әйгерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Жуырда «Рас па, жаным?» деп аталатын жаңа әні жарық көрмек.

«Құрметті, достар! Сіздермен жаңалығымызбен бөліскіміз келіп тұр! Жаңа бейнебаян! Нұрлан Әлімжанов & Айкерім Қалаубаева. «Рас па, жаным?» 29.06.24 / 19:00  Жуырда! Премьера! Әзірге әнді тыңдай тұрыңыздар!» — деп жазды әнші.

Әлеуметтік желі қолданушылары қолдау білдіріп, түрлі пікір қалдырған.

«Екі жүрек бір-біріне арналған иә, рас па жаным?», «Керемет жұп», «Алақай. Өмірде бірге болмағандарыңыз өкінішті», «Керемет», «Бақытты болуға лайықтысыңдар», «Мағынасына қарағанда бір жақсы жаңалық бар сияқты. Жақсы бейнебаян күтеміз», — деп жазды оқырмандар.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close