Жаңалықтар
Утильалымды жою көлік нарығына өзгеріс әкеле ме?

Фото: yaplakal.com
qandastar.kz — Утильалымға қатысты қауесет желдей есіп тұр. «Көлік бағасы 3,5-4 миллион теңгеге дейін түседі» деген жалған ақпарат та тарады. Ендігі көпшіліктің көкейдегі сауалы – кәдеге жарату алымы көлік нарығына әсер ете ме?
Байқап қарасақ, Грузия, Дубай, Қытайдан әкелінген автокөліктердің бағасы орта есеппен 4 миллионды құрайды. Оған көлікті жеткізу қызметін қосыңыз. Ал утильалым 649 мың теңгені төңіректейді. Осы ақпараттардан тек жаңа көлікті шетелден шығару 650 000 теңгеге арзандайды деген қорытынды жасауға болады.
Пайдаланылған көлікті әкелген жағдайда, кәдеге жарату алымы төмендемейді. Бізде утильалым 3 жылдан астам көліктерде жоғары деген түсінік кездеседі. Бірақ ол көліктің жылына емес, көлеміне тікелей байланысты болып отыр.
Мәселен, 2 жылдан бастап 923 тенге, 2-ден 3-жылға дейін 184600 тенге, 3 жыл немесе одан жоғары болса 1846000 тенгені құрайды. Қазір алғашқы төлемнің күшін жою мәселесі жанама түрде талқылануда, ал белсенді Санжар Боқаевтың өзі бұл тақырыпқа келгенде анау айтқандай ой қоспағаны байқалғандай.
Жаңа машиналар үшін бұл бос сөз, ал 2-3 жыл көліктер үшін 184600 тенгені құрауы тіпті мүмкін емес. 3 жылдан асқандарда алғашқы төлем тым көп. Сонымен қатар, ешкім сізге пайдаланылған көлікке төмен пайыздық несие бермейтінін де қаперде ұстау керек. Кәдеге жарату алымы көліктер нарығына айтарлықтай әсер етпейді. Оны алып тастағанмен кенеттен жаңа көлікке жайғаса кетуіміз де екіталай.
Көлемі 2 литрге дейінгі көліктердің шығынын қарасақ, оған шамамен 300000 тенге алым төлейсіз. Әрі қарай көлемі артқан сайын алым да өсе береді. Көлемі 2 литрден аспайтын сырттан әкелінген көліктер үшін алым — 646 000 теңге, 2 жылға дейінгі көліктерді алғашқы тіркеу — 923 теңге. Қорыта шаққанда — 646 923 теңге. Қазір екі нұсқаны алып тастау жолдары талқыда. Мұнан соң көліктің аспандаған бағасы орнына түсіп, жаңа автомобиль құны 4 миллионға дейін арзандайды деу де арман сияқты…