Жаңалықтар

Еліміздің төрт қаласында террористік қауіптің «сары» деңгейі енгізіледі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі белгіленетінін мәлімдеді,-деп хабарлайды Qandastar.kz

«Құрметті Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының тұрғындары мен қонақтары! Қазақстанда шілденің 2-5 аралығында бірқатар маңызды халықаралық іс-шара, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі мен Қытай Халық Республикасы төрағасының мемлекеттік ресми сапары өтеді. Осыған орай әлемге белгілі тәжірибеге сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар келетін шетелдік делегациялардың, олардың ішінде мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар басшыларының қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге толыққанды шаралар қабылдайды», – делінген ҰҚК хабарламасында. Ведомство өкілдері «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12, 13 және 15-баптарына сәйкес, күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын өткізу кезінде Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының жекелеген учаскелерінде терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимінде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қолдау іс-шаралары өтетінін хабарлады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close