ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

«ҚТЖ» құлдырау алдында тұрғанмен, топ-менеджерлерге үстемақы төлеген

Басы даудан арылмаған ҚТЖ көптің қытығына тағы тиді. Компания топ-менеджерлеріне 789,6 млн теңге төлемақы берген, деп хабарлайды qandastar.kz.

Жылдық есепке сәйкес, 2023 жылы негізгі басқарушы персоналға берілетін сыйақылардың жалпы сомасы осыны көрсетіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Шамамен 200 миллионнан асады.

Төлемдердің шарықтауына қандай тиімді басқарушылық шешім себеп болғаны белгісіз. Көпшілік жар алдында тұрғанды есепке алып, мұндай қадамнан тартыну керек деп есептейді. Себебі, ҚТЖ қарызға жегілген, компания борышы 2,9 трлн теңгеге жеткені бұған дейін айтылды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close