Жаңалықтар

Қалың малы — 10 миллион: Қазақ қызының ұзатудағы видеосы желіні шулатты

Желіде қазақ қызының қалың малына 10 миллион теңге берген араб жігітінің видеосын желіні шулатты, деп хабарлайды qandastar.kz.

Видеоны белгілі журналист Гүлмира Абықай Instagram-парақшасына жүктеді. Кадрда арабша киінген ер адамның қалыңдықтың анасына сыртында 10 миллион теңге деп жазылған қалтаны көруге болады. Қыздың анасы оған басын иіп, алғысын жаудырған.

Ал желідегілер арабқа тұрмысқа шығып жатқан қазақ қызына ренжіп, пікір білдірген.

«Арабтың алдында мәз болған қазақ де. «Бұларға ақша болса болды» дейтін шығар арабтар. Оларға 10 миллион түк емес қой. Тек қыздың ертеңі не болады, соны ойлау керек?», «100 миллион берсе де, қызымды бермес едім. Сосын өлігін таппай қаласың. 10 миллион үшін басымды да имес едім. Құрсын, көз алдыңда жүргенге не жетсін, сонау ел аспай», «Анасы не мәз болып тұр?», «Ойбу, байғұс-ай, ақша көрмегендей», «Қызын беріп отыр, неге басын иеді?», «Мен намыссыздықтан басқа дым көріп тұрған жоқпын!», «Құрсын, анасы қызын сатқанына мәз ғой, сабырмен алуға болады ғой», «10 миллион үшін анасы иіліп сәлем беріп кетті-ау», — деп жазған олар.

Одан кейін қалыңдықтың да жауабы жарияланды.

«Айналайын, өсекші қазағым. Бұл видеоның түсірілгеніне 2 жылдас асты. Аллаға шүкір, бақытты өмір сүріп жатырмыз. Ата-анам туралы жаман жазудың, қарғаудың қажеті жоқ. Өздерің де бала-шаға өсіріп отырсыңдар, қарғыстарың өздеріңе айналып келеді, ауыз менікі деп көп оттай бермеңдер. Осындай пікір қалдыратын қазақтар тұрғанда, жау да керек емес екен», — деп жауап беріпті қалыңдық.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close