Жаңалықтар
Сарапшылар неліктен Қазақстанда туу көрсеткіші екінші жыл қатарынан төмендегенін түсіндірді
Елімізде алғаш ана атанып жатқан қыз-келіншектердің жасы ұлғайып, туу көрсеткіші керісінше, азайып бара жатыр. Мәселен, былтыр 379 мың сәби дүниеге келіпті. Бұл – кейінгі жылдардағы ең төменгі көрсеткіш,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Өткен жылы әйелдер тұңғыш нәрестесін орта есеппен 25 жаста босанса, биыл алғаш ана атанғандардың орта жасы 29-ға жеткен.
Сарапшылар мұндай мәселеге негізінен әлеуметтік-экономикалық фактор әсер ететінін айтады. Олардың пікірінше, нормалар мен еңбек нарығындағы жағдай жастарды отбасын құру мен балалы болуды кейінге қалдыруға мәжбүрлейді. Сондықтан келешекте аталған көрсеткіштер төмендей береді деген болжам бар.