Жаңалықтар
Ерлан Қарин: Тарихи, мәдени орындарды бүлдіргендерге қатысты жауапкершілік күшейтілді

Фото: Ақорда
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин күні кеше Президент вандализмге қарсы күрес мәселесіне қатысты нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойғанын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, бұл — Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған төртінші заң.
«Бұдан бұрын вейптерге тыйым салуға, әйелдердің құқықтарын қорғауға және балалардың қауіпсіздігіне, «Айбын» орденінің түрлі дәрежелеріне батырлардың есімін беруге қатысты заңға қол қойылған болатын. Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде тәртіпсіздік пен мәдениетсіздік сынды кеселдерге қарсы күресуге шақырып, вандализмді теріс қылық деп атап өтті», деп жазды Қарин Telegram-дағы парақшасында.