Жаңалықтар

Астанада 7-қабатта өртенген пәтердің балконында ілініп тұрған әйелді құтқару сәті видеоға түсіп қалды

Елордада 10 шілдеге қараған түнде көпқабатты үйлердегі пәтерлердің бірінде өрт шыққан. Өрттен қорғану үшін балконның терезесіне шыққан әйелді құтқарушы аман алып қалған,-деп хабарлайды Qandastar.kz

ТЖД мәліметінше, 10 шілдеде түнгі сағат 02.00-де елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Ш.Иманбаев 8 мекенжайына шықты.

«Өрт сөндірушілер келгенде 7-қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиhаздары өртеніп жатқаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің күшімен 7-қабатта балконнан әйел адам құтқарылды. Өрт сағат 2:25 минутта толығымен сөндірілді», – делінген хабарламада. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД-ның 12 адамы және 3 техникасы жұмылдырылды. «Әйелді құтқарған азамат – 2-МӨСБ бөлімше командирі Бағлан Бекшенов және 2-МӨСБ жүргізуші-қызметкері Қадір Өмірзақов», – деді ведомство өклідері.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close