Жаңалықтар

«Ұрған адамды талдырады»: Анасы Қайрат Нұртас туралы

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлының ұшақтағы жанжалы неден болғанын оқырмандарына айтып берді, деп хабарлайды qandastar.kz.

Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында өзіне пікір қалдырған оқырманына жауап берді. Әншінің анасы бүгінде сараптама жасалғанын хабарлап, ұлының ішімдік ішпегенін айтты.

«Сараптама жасалды. Ешқандай ішімдік ішпеген. Досы ту сыртынан артқы жағынан келіп, құлақ-шекеден ұрғанда бұл да атып тұрып, бетінен соққан. Досының көзі көгеріп қалды. Кез келген адам өзін біреу ұрса, жауабын қайтаратын шығар?! Қайрат шыбынды да өлтірмейді ғой. Ол табиғатынан ешкімге өздігінен тиіспейді. Бірақ ұрған адамды талдырады. Талдырмаса да оңдырмайды. Бала кезінен сондай тәрбие бергенбіз. «Таяқ жеп келуші болма» деп үнемі айтып отыратынбыз», – деді Гүлзира Үсенқызы. 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close